-A A +A

«Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы" ҚР заңы жобасы түсіндірілді

Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы" Қазақстан Республикасының заңы жобасын   түсіндіру мақсатында Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті  оқытушылары мен құқықтану бөлімінің студенттері, Облыстық жастар ресурстық орталығының жастары, Болашақ университеті оқытушылары мен құқықтану бөлімінің студенттерінің қатысуымен кездесу өтті.

Шарада Әділет департаментінің бөлім басшысы Г.Жалғасбайқызы Әділет министрлігімен әзірленген "Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы" Қазақстан Республикасының заңы жобасы туралы баяндама оқып, түсіндірмелер берді.

Заң жобасы заң қызметтерінің қол жетімділігі мен оның сапасын арттыруды, адвокатура институтын нығайтуды, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыруды, адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу, заң қызметтерінің барлық кешенін реттеуді, азаматтардың жекелеген санаттарының заң қызметтерін ақысыз негізде көрсетуді көздейтін «pro bono» (қоғам игілігі үшін) принциптеріне заң қызметтері институтын кеңейтуді және басқаларды көздейді.

 

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі