-A A +A

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын түсіндіруге бағытталған семинар өткізілді

             Үстіміздегі жылдың қазан айының 25-ші жұлдызында Байқоңыр қалалық әділет басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын түсіндіру мақсатында қаладағы зиялы қауым өкілдерінің және құқық қорғау органдары  қызметкерлерінің,  депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар  өткізілді. Семинарда аталған заң жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді.

           Заң жобасы заң қызметтерінің қол жетімділігі мен оның сапасын арттыруды, адвокатура институтын нығайтуды, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарды арттыруды, адвокаттардың кәсіби қызметінің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу, заң қызметтерінің барлық кешенін реттеуді, азаматтардың жекелеген санаттарының заң қызметтерін ақысыз негізде көрсетуді көздейтін «pro bono» (қоғам игілігі үшін) принциптеріне заң қызметтері институтын кеңейтуді және басқаларды көздейді.

             Сондай-ақ қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға басқарма басшысы тарапынан нақты әрі заңды жауаптар берілді.

            Байқоңыр қалалық Әділет басқармасы