-A A +A

Адвокаттардың қатысуымен жиналыс өтті

Бүгін Қызылорда облысының адвокаттар алқасы ғимаратында адвокаттардың қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында, «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заңы аясындағы «Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғаумен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығы талаптары түсіндіріліп, оның талаптарының қатаң сақталуының маңыздылы ескертілді.

Сондай-ақ, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысатын адвокаттарға қатысты сот, тергеу, алдын ала тергеу органдарымен шығарылған қаулылар мен ұйғарымдардың Қағида талаптарына сәйкессіздіктерді көп жіберген адвокаттар аталып өтіліп, алдағы уақытта ұқсас бұзушылықтарға жол берген жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатындықтары аталып өтілді.

 

Қызылорда қаласы, 29 қараша 2017 жыл.