-A A +A

30-ҚЫРКҮЙЕК – ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

 2011 жылы Елбасының Жарлығымен 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні болып бекітілген болатын. Атаулы күн еліміздің мерекелік күнтізбесінде— 2012 жылы пайда болды. Осы уақыттан бері жыл сайын 30-қыркүйекте Әділет органдарының мерекесі аталып өтілуде.

Бүгін Қызылорда олблысының Әділет департаментінің мәжіліс залында Әділет органдарының қызметкерлерінің төл мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шарада басшылық тарапынан  барлық қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкердің ант қабылдануымен басталып, департамент қызметкерлерін марапаттаумен жалғасын тапты.

Алимент төлемдерін өндіру бойынша аумақтық филиалының басшысы А.Айбосынова Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен наградталды. Әділет Министрлігінің грамотасымен департамент қызметкерлері Т.Абдиев, Алғыс хатымен А.Рысбаев марапатталды. Сонымен қатар, Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Қызылорда қалалық маслихат хатшысы, «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы  өздерінің құттықтауларын білдірді.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі