-A A +A

Жаңалықтар

«Авторлық құқық, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді

14 қыркүйекте департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі, Қызылорда қалалық әділет басқармасы Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы көрсеткішін жақсарту мақсатында РҚБ «Қазақстан  орындаушылардың құқықтарын басқару қоғамы» және «Абырой»  авторлар қоғамы Қызылорда облысы бойынша өкілдері, авторлар, композиторлар, орындаушылар, кабельдік операторлар, құқық иеленушілермен  «Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғаудағы өзекті мәселелер, «Авторлық құқықпен

«Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»

       13 қыркүйекте қала тұрғындарының назарына Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы С.Бекхожа ҚР Әділет министрлігімен көрсетілетін «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі туралы, атап айтқанда  қызмет алушылар қажетті құжаттар тізбесі туралы ақпаратпен, өтініш нысаны және алымды төлеу үшін деректемелерімен www.adilet.gov.kz Министрлік сайтының   басты бетінде орналасқан «Туындыларға құқықтық тіркеу» баннері арқылы  таныса алатыны, туында

«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша сұхбат

        11  қыркүйегінде қала тұрғындарының назарына Қызылорда облысының әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы И.Бакишева  Дүниежүзілік Банктың жаһандық  бәсекелестікке қабілеттілік индексінің (ДЭФЖБҚИ) рейтингінің бірі Қазақстанның ұстанымын жақсартуда «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша 2017 жылдың  8 айында  облыс әділет органдарымен атқарылған жұмыстары туралы, зияткерлік меншік құқығы саласын   қорғауда атқарылып жатқан жұмыстар және осы салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлері туралы  «СЕТА» ЖШС-не қарасты «LOVE» радиосынан   түсіндірме сұхбат берді.

«Авторлық құқығыңызды тіркеткіңіз келсе..»

    

       2017 жылдың 12  қыркүйегінен бастап  қала тұрғындарының назарына «Авторлық құқығыңызды тіркеткіңіз келсе..» тақырыбында дайындалған бейнеролик   А.Байтұрсынов - Қорқыт ата көшелерінің қиылысында орналасқан «Сета-Медиа» ЖШС-нің LED-экран арқылы жарықтандырылуда.  

2017 жылы Қызылорда облысы бойынша алаяқтық үшін сотталғандардың Т І З І М І

Барлығы 38 адам сотталды, 9 ер адам, 29 әйел,

олардың 16 бас бостандығынан шектеуге, 3 шартты, 19 бас бостандығынан айыруға сотталды:

Әйелдердің 12- шектеу, 1-шартты, 16-бас бостандығынан айыру;

Ер адамдардың 4-шектеу, 2-шартты, 3-бас бостандығынан айыруға сотталды.

Қызылорда блысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен семинар өтті

2017 жылдың 07 қыркүйекте Қызылорда облысының жеке сот орындаушылар өңірлі палатасында семинар өтті. Семинарға Қызылорда облысының жеке сот орындаушылары, Әділет департаментінің қызметкерлері,  Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

«Заң көмегі туралы» және «Қазақтан Республикасының заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының Тұжырымдамаларына түінік берілді

2017 жылдың 05 қыркүйекте Қызылорда облыстық нотариаттық палатасында Қызылорда облысының нотариустарының қатысуымен семинар өтті. Семинарға Қызылорда облысының нотариустары, Әділет департаментінің қызметкерлері,  Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Қызылорда облыстық кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Өрт қауіпсіздігіне байланысты семинар өткізілді

2017 жылдың 31 тамызы күні Сырдария аудандық Әділет басқармасының ғимаратында Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, ғимараттың қауіпсізідігін қамтамасыз ету және алдын алу шараларын жүргізу мақсатында «Ғимараттағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз  ету және алдын алу мәселелері» тақырыбында  Әділет басқармасы, жеке сот орындаушылары және «Сырдария ауданының аумақтық бөлімі» филиалы қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Жеңіл атлетикадан жүгіру жарысы өтті

30 тамыз Қазақстан Республикасы конституция күні мерекесіне орай Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшілігімен  жеңіл атлетикалық жүгіру жарысы өтті.

Ата заңға құрмет

Үстіміздегі жылдың 29 тамыз күні Қызылорда облысының Әділет департаменті мен Қызылорда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен еліміздің Конституциясы күніне орай, «Мәңгілік Ел» идеясын орнықтырудың заңнамалық негіздері» тақырыбында салтанатты жиналыс өтті. Шараның басты мақсаты Ата заңымыз Конституциямызға құрмет көрсете отырып, оның мәртебесін көтеру болып табылады. Жиында «Мәңгілік ел» идеясының заңнамалық тұғыры тақырыбында баяндамалар жасалып, іс-шара қызметкерлерді марапаттаумен жалғасын тапты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидалары туралы адвокаттармен семинар өтті

Үстіміздегі жылдың 25 тамыз күні Қызылорда облысының адвокаттар алқасының мәжіліс залында семинар өтті. Семинарға Қызылорда облысының адвокаттар алқасының мүшелігіндегі адвокаттар, Әділет департаментінің қызметкерлері,  Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.

«Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы өтті

Жылдағы дәстүр бойынша аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде "Мектепке жол" акциясы биыл да өз жалғасын тапты.

Қызылорда облысының Әділет департаменті, қалалық және барлық аудандық Әділет басқармаларының қызметерлері «Мектепке жол» атты Республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетті.

Игілікті шараның басты мақсаты  көп балалы және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмай қалуларының алдын алу болып табылады.

Шиелі ауданында «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

18.08.2017 жылы  Шиелі аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен  «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы ғимаратында «Зияткерлік меншікті қорғау» индикатор көрсеткішін  жақсарту бойынша және «Заңды тұлғаларды тіркеу қызметі бойынша» аудан тұрғындарына құқықтық заңгерлік кеңес беру мақсатында   «Әділет кеңес береді» атты акциясы өткізілді.

      Кездесуде кент тұрғындары мен кәсіпкерлер авторлық құқықтар және  сабақтас құқықтар, тіркеу қызметтері бойынша  сұрақтар қойып, мамандар толық жауаптар алды.

Шиелі аудандық Әділет басқармасы.

 

Жаңадан сайланған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерімен семинар-кеңес отырысы өтті

2017 жылдың 17, 18 тамыз күндері Әділет департаментінің ұйымдастыруымен жаңадан сайланған аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің  қатысуымен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормашығармашылық қызметі және конституциялық реформалар бойынша семинар-кеңес отырысы өтті.

Беттер