-A A +A

Өтініштерді қарау жөнінде ақпарат

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша семинар өтті

Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Электрондық үкімет порталы арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Р.Есжанов, Қызылорда облысының «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қызметкері Қ.Нұрсұлтанұлы, Қызылорда облысының Әділет департаментінің және барлық қалалық, аудандық басқармаларының филиал қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы.
 Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағын іске асыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау есептілігін жүргізуді қамтамасыз етуі мақсатында және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: